Туған-туыстары марқұмның жеті күндік садақасына дайындалып жатқан
Бүгін түнде Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Түнде маған жәбірленушілердің туыстары қоңырау шалып, Талғарда өлтірілген 16 жасар Шерзаттың ісі жәбірленушілеріміздің үйі өртеніп жатқандығы туралы хабарлады», - деп жазды Саида Тәукелева Instagram парақшасында.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерхат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.
“Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген.Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды”, – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ полиция Qaz365.kz тілшісіне тағы бір ақпаратты нақтылады. Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үй Шерзат Болаттың отбасы тұратын үйі, өрт болған түні туғандары Талғар қаласындағы туыстарының үйінде болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.