Әкімдік Шерзат Болаттың отбасының үйін қалпына келтіруге уәде берді

Qaz365.kz редакциясы

Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады

Жеке мұрағаттан

Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Шерзат  Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

— Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі, - деп хабарлайды әкімдік.

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кеткені кеше түнде белгілі болды.
 

«Түнде маған жәбірленушілердің туыстары қоңырау шалып, Талғарда өлтірілген 16 жасар Шерзаттың ісі жәбірленушілеріміздің үйі өртеніп жатқандығы туралы хабарлады», - деп жазды Саида Тәукелева Instagram парақшасында.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.