Талғарда қаза тапқан баланың үйінің өртенуі: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды

Ашық дереккөздерден

Бас прокуратура Талғарда қылмыскерлер қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзот Болаттың үйінің өртеніп кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлім етті.

“Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлдекімдер марқұм Шерзат Болаттың Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы үйін өртеп жіберген.

Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Шерзат Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды.

Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.