Астанада бір күнде 100-ден астам жол-көлік апаты болды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция департаменті астаналықтарға жолдарда өте мұқият болуды ескертті

Фото: Zakon.kz

Астанада ауа-райы күрт суытып,тайғанақтан 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Ауа райының нашарлауына байланысты (қар жауып, кей жерлерде көктайғақ пайда болады) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алды. Автокөліктердің жазғы дөңгелектермен жүрген ескере отырып, Полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, күрт тежегішті баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген орындарда тұраққа қоюды, жол бойында жеке көлікті қалдырмауды, патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды», - делінген Астана қалалық полиция департаментінің хабарламасында.


Полиция департаменті астаналықтарға жолдарда өте мұқият болуды ескертті. Сонмен қатар полицейлер елордалықтарға күрделі метеожағдайға байланысты қала сыртындағы трассаларда қозғалыстың оқтып-оқтын шектелетінін ескере отырып, алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді.


«Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілер де айрықша сақтықтық шараларын сақтауы керек. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындарда кесіп өтуге, жарық қайтаратын элементтерді пайдалануға, құлаққаптарды алып тастауға және жолдан өту кезінде телефон арқылы сөйлесуді тоқтатуға кеңес береміз», - деп атап өтті ведомстводан.