Қарағандыда көктайғақта тізгінге ие бола алмаған автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Qaz365.kz редакциясы

Тағы екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

polisia.kz

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жолаушылар автобусының жүргізушісі 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«12 қазан күні сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды», – делінген Қарағанды полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомство мәліметтері бойынша, күннің күрт сууы және көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған.
Шахтинск және Теміртауда да жол-көлік апаттары болып, нәтижесінде екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.