Семейде қоқыс жәшігінен денесі қатты күйік шалған сәби табылды

Qaz365.kz редакциясы

Баланың денесінің 80 пайызы күйіп қалған

Ашық дереккөзден

Қаланың шағын аудандарының бірінде жанып жатқан қоқыс жәшігінде жаңа туған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті жұртшылықтың бірінің хабарлауынша, сәби жасы тіпті бір күннен аспайды. Олар оны күндіз сағат 12-де тауып, дереу реанимацияға жатқызған.

Баланың денесінің 80 пайызы күйіп қалған.  

Абай облысының прокуратурасы бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Істі аймақ прокуроры бақылауына алған.