Ол баласын өлтіргенін айтып, видео-үндеу жасады
Астанада көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Марқұмның анасы әлеуметтік желіде үндеу жасады. Полицейлер ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайдыQaz365.kz.
Ол баласын өлтіргенін айтып, видео-үндеу жасады.
"Төрт адам 19 жастағы ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген. Заң қайда? Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды. Төрт балам бар. Балам темекі шекпейтін, ішпейтін, академияда оқыды. Қазір оны ішкендей етіп көрсеткісі келеді. Мені ешкім тыңдамайды. Қылмыскерлер заң бойынша жазаланғанын қалаймын", - дейді әйел.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, 13 қазанда көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің денесі табылған. Марқұмның жеке басы анықталды. "Алматы" ауданының полиция басқармасы өлім дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Астана полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның барлық мәліметі белгіленіп жатқанын айтты.