Қазақстанда әділетті шешім шықпайтынына көзім жетті – Шерзаттың әкесі мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол елден кеткісі келетінін айтты

Видеокадр

Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болат әкесі Қажаубай Нұрымов әлеуметтік желі арқылы тағы үндеу таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ол желілерде қылмыс болған орыннан тараған видеодан кейін Қазақстаннан кеткісі келетінін мәлімдеді.

«Шындықты айтып қойдым. Талғар қаласындағы, әкімдіктегі былықты, ауруханадағы былықты. Сол үшін бүлдіретін болсаңыздар да, менің бауырым, ата-анам көрмесін. Ататын болсаңыздар да. Мені жоқтап жыламасын деймін. Менің қылмысым бар екен... Олар пышақпен келді. Мен ол жерге ручка ұстап немесе қағаз алып шықпайтын шығармын. Жалбарынып, жалынып сұрадым олардан. Қолдарын сол жерде «болды» деп еркекше беріп кетті. Артынан тістеген тірлігі сол», - дейді Қаржайбау Нұрымов. 

Қаржаубай Нұрымов «Шерзат, Нұрқанат болып қан төксек айтсаңыздар болады» деп, бірақ қан төкпегенін жеткізді. 

«Неге десеңіздер, менің басымда болып жатқан жағдай – қарындасым, анам, әйелім қалай жылағанын көрсеңіздер, сол кеде түсінесіздер. Сол себепті ешқандай соғыс болмауы, бейбіт заманда ана жыламауы керек. Әжелер жыламауы керек. Білсеңіздер, анам, әкем деп жылау бір бөлек, ботам деп жылаған мүлде басқа әлем. 
Қазақтың қаны ақпасын деп айтарым осы. Соттаймын десеңдер соттаңдар, атам, өлтірем десеңіздер, өлтіріңідер. Бірақ көзім жетті – Қазақстанда әділетті шешім шықпайтынына көзім жетті. Бір ғана өтінішім бар: қазақ елінде ешқандай қантөгіс болмасын. Президент сұрайтыным – отбасымды аман-есен алып кетуім керек. Болмаса басқа мемлекетке бала-шағамды алып, шығып кетем», - дейді ол.

Кешеден бері бірқатар БАҚ-та қылмыс болған «Қамажай» дүкенінің алдындағы видео тараған еді. Ол видеода Шерзаттың екі жігітпен сөйлесіп тұрғаны, кейін Қаржаубайдың қолына пышаққа ұқсас затты алып шыққаны көрсетілген. Қаржаубайдың өзі 23 минуттық видеоның тек қысқа бөлігі таратылып беріліп отырғанын айтады.