Астанада жатақхана өртенді. Зардап шеккендер бар

Nur-Altay Umirzak

Қызыл жалын арасынан 6 адам құтқарылған

Tengrinews.kz

Астанада жатақхана өртеніп, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға Байқоңыр ауданындағы Тараз көшесінде болған. Өрт сөндірушілер келгенде ғимараттың шатыры мен бөлмелері жанып жатқан. Қызыл жалын ортасынан алты адам құтқарылды.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Өртті сөндіру жұмысына ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты”, - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліментінше, өртті сөндіру жұмыстарын жатақхананың жан-жағындағы автокөліктердің көптігі  қиындатқан. Тілсіз жау 850 шаршы метр алаңға тараған. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.