Талғарда өлтірілген Шерзат Болаттың үйін өртеген жерден қолғап пен канистр табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір сараптама жүргізілуде

Фото: Қойшыбек Мүбарак

Талғарда өлтірілген Шерзат Болаттың үйін өртеген жерден қолғап пен канистр табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шерзат Болаттың үйін өртеген жерден қолғап пен канистр табылды, тергеу өрттің себебі өрттің сыртқы көзі екені анықталды», – дейді Алматы облысының прокуроры Берік Адамов.

Мамандар өрт ошағы үйдің сыртында деген қорытындыға келген. Сыртқы өрт көзі пайдаланылған болуы мүмкін. Оқиға орнынан табылған канистр мен қолғапқа сараптама жүргізілуде.