Талғардағы Шерзат Болаттың ісі бойынша "жойылды" деген видеоның толық нұсқасы көрсетілді

Nur-Altay Umirzak

Ішкі істер минисрінің тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Айысов видеоның әр кадрына тоқталды

Видеокадр

Бүгін, 15 қазанда Қонаев қаласында Талғар қаласында кісі қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың ісіне қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Баспасөз мәслихатында  Шерзат Болаттың ісі бойынша "жойылды" деген видеоның толық нұсқасы БАҚ өкілдеріне көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысының аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Талғар ауданында жасалған қылмыстың тергелу жағдайына арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Шарада ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов және Алматы облысының прокуроры Берік Адамов сөз алды. Баспасөз мәслихатында полиция қызметкерлері "жойып жіберді" деген видео көрсетілді. Ішкі істер минисрінің тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Айысов видеоның әр кадрына тоқталды.

“Ол екі бөтелке сыра, төрт қорап темекі алды. Ал мына жігіт, марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай. мына жерде ақшасын аударып жатыр. Интернетке байланысты шамалы уақыттан кейін ақша түседі. Міне көрсетіп жатыр. Бірінші түскен жоқ дейді. Содан кейін барып түскен. Kaspi транзакцияларын тексердік. Бұл жерде ресми түрде дәлелденген. Артынан тағы бір бөтелке сыра алды. Оны қолма-қол ақшамен берді. Міне, 1000 теңге алып шықты. Осы жауапты күдікті адамда беріп отыр. Ал оның арғы жағында келген адамдар Талғар тұрғындары. Олардан да қылмыстық іс аясында жауап алынып жатыр", - дейді ішкі істер минисрінің тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Айысов.

Айта кетейік, ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының тергеу-оперативтік тобы бірінші орынбасардың жетекшілігімен жұмыс істеп жатыр.