«Хутор» бандалық тобы туралы полиция өкілдері нақтысын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Министрдің орынбасары бұл істің ерекше бақылауда екенін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар деп желіде тараған «Хутор» ұйымдасқан қылмыстың тобы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Полиция дереу жұмысқа кірісті. Алдымен жеті айыпталушы, кейін тағы үш адам ұсталды. Жергілікті полиция шартты сотталғандардың түнде не себепті жүргенін анықтап жатыр. «Хутор» тобы туралы дерекқорда жоқ. Қазір Шерзаттың әкесі пышаққа ұқсайтын затты ұстағаны бойынша сараптама жүргізіліп жатыр», – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов.

Талғар аудандық полиция бөлімі күдіктілердің кейбірі пробация қызметінің есебінде тұр деген қауесеттен кейін тергеу жүргізуге уәде берді. 

Министрдің орынбасары бұл істің ерекше бақылауда екенін айтты.