Қандай баға берілген
Шерзат Болаттың өлімі бойынша тараған видеодағы екі қыздың әрекеттері анықталып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Брифингте журналистердің бірі тұрғындар түсірген видеодағы екі қыз баланың әрекеттеріне қалай баға берілгенін сұрады.
«Екі қыз баланың әрекеттерін көріп жатырмыз. Егер ол қыз балалардың тағы да қылмыстық құрамдағы істеген әрекеттері белгіленсе, оларға да міндетті түрде шара қолданамыз» – дейді Әленов.