Талғардағы іске күдіктілерге қатысты 8 іс анықталды: олар кімдер?

Qaz365.kz редакциясы

Күдіктілер жайлы дерек

Фото: ашық дереккөзден

Талғардағы іске күдіктілер Нұрқияс Ильясов, Равиль Сакиев және Абзал Шынасылға қатысты 8 іс анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
   
2019 ж. Нұрқиас Ілиясов пен Д.Қалғұлов арасында жанжал шыққан. Ардақ Нұржұманов Қалғұловты ұрып өлтірген. Ардақ 8 жылға сотталды;   
   
2020 ж. "Веранда" дәмханасында Ілиясов пен Равиль Сакиев Диас Хабитұлын ұрған. Ілиясов 3 жыл, Сакиев 2 жыл 6 айға шартты түрде сотталған;   
   
2023 ж. Нұрқиас пен Ернұр Ілиясов Абзал Шынасылмен бірге А.Манапты ұрған. Сосын "Хан" барында Ілиясов Р. Труспековке жеңіл дене жарақатын салған. Екі іс татуласумен аяқталған;   
   
2023 жылы қыркүйекте Нұрқиас Ілиясов М.Сүлейменовқа дене жарақатын салған. Татуласумен аяқталған;   
   
2023 жылы желтоқсанда "Сказки" кафесінде Ернұр Ілиясов М.Качакбайды пышақтаған. Оларға пробациялық бақылау орнатылан;   
   
2024 ж.Нұрқияс пен Ернұр Ілиясов бұзақылық бойынша бас бостандығынан шектелген.