Алматыда бір мезетте 7 көлік соқтығысып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға Алатау ауданында болған

 

Qaz365.kz

Алматыда 7 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жол апаты болған жерде түсірілген кадрлар Instagram-дағы 100baksoff_almaty парақшасында жарияланды. Онда жүк көліктерінің соқтығысып, зақымданғаны көрінеді.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған.

Апат салдарынан «ГАЗ» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысына медициналық көмек көрсетілді.

«Автокөлік жүргізушілері көше бойымен ілеспе бағытта жүрді. Салдарынан «ГАЗ» маркалы машина жүргізушісі мен жолаушы медициналық көмекке жүгінді»,  –  делінген хабарламада.

Қалалық полиция тергеу басталғанын мәлімдеді.