Ақтауда 15 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр

Nur-Altay Umirzak

Жасөспірім колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған

Фото: Lider.kz волонтерлік тобынан

Ақтау қаласында 15 жастағы Нұрсая Құралбаеваны бес күннен бері іздеп жатыр. Жасөспірім колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еріктілердің мәліметінше, қыз бала Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарын полицейлер мен «LIDER.KZ» еріктілер тобы жүргізіп жатыр.

«Бойжеткеннің дене бітімі орташа, шашы ұзын, бойы 165-170 сантиметр. Үстінде қара жеңіл күртеше, қара шалбар, ақ жолақтары бар қара аяқ киім болған», – делінген хабарламада.

Полицейлер Нұрсая Құралбаева туралы мәлімет білетіндер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.