Соңғы 3 жыл ішінде пойыздарда 14 сәби дүниеге келген
21 қазанда «Шымкент-Астана» бағытындағы жүрдек пойызында сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"21 қазанда сағат 23:55-те "Шымкент-Астан" бағытындағы жүйрік поызда қыз бала дүниеге келді. Оның анасы күйеуімен Шымкенттен Астанаға сапарлап шыққан. Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жолаушының аман-есен босануына көмектесті",– делінген "Жолаушы тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәліметінде.
Ресми статистикаңа сәйкес соңғы 3 жыл ішінде жолаушы тасымалы компаниясының пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.