Алматы облысына блокбекеттер қойылды: зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетті

Nur-Altay Umirzak

Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында

Ernur.kz

Алматы облысы Талғар ауданында  зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетіп, жолдарға блокбекеттер қойылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы облыстық Полиция басқармасы хабарлады.

«Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған К есімді азамат қашып кетті. Осыған байланысты «Сирена» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды», - делінген Полиция хабарламада.



Қашу әрекетінің қалай болғаны қызметтік тексеруде анықталады. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының  жіті бақылауында.