Күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс болған.
Талғарда кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазан айының ортасында Тұздыбастау кентінде төрт жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Полицияның мәліметінше, күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс, тіпті онымен дос болған көрінеді. Қыз жаттығу залынан шыққан кезде ол оны үйіне апаруды ұсынған. Қыз ештеңеге күдіктенбей, тағы үш жігіт бар көлікке отыруға келіскен.
Осыдан кейін 16 жастағы жәбірленушіні тыныш жерге апарып, жігіттердің әрқайсысы онымен жыныстық қатынасқа түскен. Ал негізгі фигурант ерекше азғындық жасаған. Оның айқайы мен жылағанына қарамастан қаскөйлер пиғылын іске асырып, содан кейін қыз полицияға жүгінсе, туыстарын өлтіреміз деп қорқытқан.
Облыстық полиция департаменті Qaz365.kz тілшісіне жауап берді. Аталмыш оқиғаға қатысты барлық күдікті ұсталды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жедел іздестіру бойынша барлық төрт күдіктіні анықтап ұстады және қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары зерттеліп, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде» - деді облыстық полиция департаменті.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында