Талғардағы күдіктінің изолятордан қашуы: салғырттық бабымен іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Қызметтік тексеріс жүргізіледі.

Фото: ашық дереккөзден

Талғардағы кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кету фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәжіліс кулуарында пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-министр барлық кінәлі жазаланатынын, күдіктінің әлі қолға түспегенін айтты.

«Қылмыскерді іздеп жатырмыз. Барлық шаралар қолданылып жатыр. Біз қызметтік тексеріс жүргіземіз. Барлығы жазаланады. Салғырттық фактісі бойынша іс қозғалды. Кінәлілер жауапқа тартылады», – деді Лепеха.

Күдіктінің қашып кеткені туралы жергілікті полиция 22 қазанда хабарлады. Мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Негізгі бағыттарда блок-посттар қойылған. Кейін ІІМ қашып кеткен адамның кім екенін анықтаған.

Еске салсақ, Алматы облысы Талғар ауданында зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетіп, жолдарға блокбекеттер қойылған еді.