Алматыда оқушыны экскаватор басып қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

 Ол «Шевроле» маркалы автокөлікпен соқтығысқан

Алматыда экскаватор мопед мінген оқушыны басып, ол қаза тапты. Бұл туралы полиция департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция дерегінше, оқиға бүгін 24 қазан күні таңғы сағат 08:10-да «Алғабас» ықшамауданында, Доспанов көшесінде орын алған.

 «15 жасар бала Алғабас шағын ауданындағы Доспанов көшесімен солтүстік бағытта мопедті басқарып келе жатып, «Шевроле» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан мопед аударылды. Соқтығысу кезінде жолға құлаған мопедтің 16 жастағы жолаушысын экскаватор мыжып кеткен», - деп хабарлады полиция.

Өкінішке қарай, жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Аталмыш оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.