Талғардағы Шерзат Болат ісі: ІІМ қандай баптармен іс қозғалғынын айтты

Nur-Altay Umirzak

Қылмыстық іс 5 бап бойынша қаралып жатыр

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттарға берген жауабында Талғарда өлтірілген Шерзат Болаттың ісі бойынша қылмыстық кодекстің нақты қандай баптары бойынша іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 “Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің: 
• 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру)
• 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық)
• 115-бабы (қорқыту)
• 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) 
• 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істерді тіркеп,  кінәлілер тергеліп жатыр”, – деді министр.

Тергеу барысын министрдің өзі жеке бақылауына алған. Оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған.