Іледе малшы мас күйінде үш адамды атып тастады

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 27 қазанда Қонаев маңындағы Іле өзенінің жанында болған

Сурет: ernur.kz

Зардап шеккендердің бірі ауруханада, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Оқиға 27 қазанда Қонаев маңындағы Іле өзенінің жанында болған. Малшы мас күйінде жолдастарына аңшы мылтығымен атқан.

63 жастағы ер адам жарақат алып жергілікті ауруханаға жатқызылды. Тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді.

Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.  12 калибрлі тіркелген "Hatsan" аңшылық мылтығы тәркіленген.

«Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.