Қайғылы оқиға Айтматов пен Молдағалиев көшелерінің қиылысында болған
Астанада автобус астына түсіп 22 жастағы қыз қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Айтматов пен Молдағалиев көшелерінің қиылысында болған. Кешкі сағат 9 шамасында Лолита Кан үйіне қайтып бара жатып жаяу жүргіншілер жолы болмағандықтан жол жиегінде құрылыс жүріп жатқан лай жерді айналып өтпек болған. Сол күні кешке көше жарығы да болмаған. 68 жастағы автобус жүргізушісі қараңғыда қызды байқамай қалып, қағып кеткен.
"Оның бұл апаттан аман қалу мүмкіндігі болмады. Мен басында сенбедім. Жүргізушінің құжаттары болмады. Біз ол адамның сол жерде жұмыс істейтінін іздей бастадық. Оның телефонына құрбысының 2GIS орны байланыстырылған екен. Ол маған телефонның орналасқан жерін жіберіп, болған оқиғаны жеткізді. Сонда ғана мен оның енді жоқ екенін түсіндім", - деді марқұмның әпкесі Анастасия Кан.
Бірақ қайтыс болған адамның туыстары бұл оқиғаға тек жүргізушіні кінәламайды. Апат болған жердің жанында тұрғын үй кешені салынуда, оның бойымен жүру мүмкін емес.
"Егер бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы болғанда,- мүмкін бұл трагедия болмас еді. Бұл жерде жүргізуші ғана кінәлі емес. Иә, ол жолға қараған жоқ және біздің әпкемізді өлтірді. Бірақ бұл жағдайға әкімдік кінәлі, олар құрылысты қадағаламаған. Ешқандай белгі қоймаған, мұнда ештеңе жоқ!"— деді қайтыс болған қыздың туысы Аббас Аппазов.
Алайда, құрылыс компаниясы да, әкімдік те бұл учаске үшін жауапкершілік алған жоқ. Қала әкімшілігі мұнда тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана абаттандырумен айналысатынын мәлімдеді.