Астаналық азамат банкоматтан өзге біреудің 1 млн теңгесін алып кеткен

Nur-Altay Umirzak

Құқықбұзушылық жасаған 34 жастағы ер адам кінәсін мойындады

Сурет: kazlenta.kz

Астаналық азамат банкоматтан өзге біреудің 1 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

“Елорда тұрғыны банкоматқа қолма-қол ақша салып, операция аяқталғасын шығып кеткен. Артынша техникалық ақаудан ақша есепке алынбай, банкомат оны қайта шығарған. Жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып, қашып кеткен. Құқықбұзушылық жасаған 34 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Ол ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгерген”, – делінген Астана қаласы Полиция департаменті хабарламасында.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.