Семейде кассирді темекі тұтатқышпен қорқытып шарап ұрлап кеткен

Nur-Altay Umirzak

Бұған дейін ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталған

Сурет: aliexpress.ru

Семейде полиция шарап ұрлаған ұрыны тапанша-темекі тұтатқышпен ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

“41 жастағы ер адам дүкенде кассирді қорқытып, құны 1 200 теңге тұратын екі бөтелке шарапты ұрлап кеткен. Ол Pietro Beretta маркалы тапанша түріндегі темекі тұтатқышты пайдаланған. Жедел іс-шаралар барысында ол ұсталды, ал ұрланған шарапты ішіп үлгерген”, – делінген Полиция басқармасының мәліметіенде.

Бұған дейін ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталған. Оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.