«Айгүл Орынбек ұсталды» деген ақпаратқа байланысты Шымкент полициясы мәлімдеме таратты

Qaz365.kz редакциясы

Заңгер Фейсбуктегі соңғы жазбасын кеше жариялаған

«Айгүл Орынбек ұсталды» деген ақпаратқа байланысты Шымкент полициясы мәлімдеме таратты.
Қалалық полиция департаменті заңгердің ұсталғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шымкент полиция департаменті Айгүл Орынбекті ұстаған жоқ», - деп ақпарат таратты департамент.

Айгүл Орынбектің ұсталғаны жөнінде ақпаратты алдымен, журналист Михаил Козачков телеграм-арнада жазған еді. Заңгер Фейсбуктегі соңғы жазбасын кеше жариялаған. Ол жазбасында спорт басқармасының сатып алу порталында қыркүйек айында 893 млн. теңге қаражатқа бір көзден мемлекеттік сатып алу жарияланып, қорытынды шыққанын жазған.
Qaz365.kz тілшісі Айгүл Орынбектің өзіне хабарласты. Ол ватсап арқылы «бәрі дұрыс» деп жауап берді. Толыққанды ақпарат алдағы уақытта беріледі.