«Қазхром» карьеріндегі болған апаттың себебі анықталды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 30 қазан күні сағат 13:14 шамасында "Дөң"  тау-кен байыту комбинатында болды

Фото: Telegram/HromtauLIVE

 

ERG тобына тиесілі «Қазхромның» «Молодежная» шахтасындағы Мирный карьерінде болған оқыс оқиғаға байланысты еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Оқиға 30 қазан күні сағат 13:14 шамасында Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында болды.

«Самосвал жүргізушісі С. есімді азамат пен шахта жұмысшысы Ж. есімді азамат тиелген материалмен Мирный карьеріне бара жатқан. Мирный карьеріндегі екінші бұрылыстан өтіп бара жатқанда самосвал жүргізушісі рульге ие бола алмай, карьердің сол жақ шетіне шығып, салдарынан самосвал аударылып кеткен», – делінген министрлік хабарламасында.

Мемлекеттік еңбек инспекцияның Ақтөбедегі департаментінде құрылған комиссия жағдайды нақты тексеретін болды.