Шерзат Болат ісі: Бес сараптаманың үшеуі дайын

Qaz365.kz редакциясы

Құқық қорғау органдарына берілді

Фото: ашық дереккөзден

Сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілді. 16 жастағы Шерзатты өлтіру ісі мен әкесінің Талғардағы үйін өртеу ісі бойынша бес сараптама тағайындалған. Оның үшеуі дайын, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, бес сот-медициналық сараптама тағайындалған: мәйіт сараптамасы, өрт себептерін анықтау сараптамасы, фототехникалық сараптама, молекулалық-генетикалық сараптама және биологиялық сараптама.

Осы сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілген. Қалғандары зерттеу процесінде. Талғат Уәли толық ақпаратты тек Ішкі істер министрлігінен алуға болатынын хабарлады.

Сондай-ақ ол сараптама барысында қандай да бір қарудың тәркіленгенін хабарлауға құқығы жоқ екенін мәлім етті.