Ақмола облысында пойыз көлікке соқтығысып, үш адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу әрекеттері жүргізілуде

1 қарашаға қараған түні Ақмола облысындағы теміржол өткелінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтемемен.

Сағат 22.30 шамасында Степногорск жолында Audi B4 маркалы автомобиль үш бос цистернаны алып жүрген локомотивтің астына түскен.

Автокөлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болды., ауруханаға түскеннен кейін екі жолаушы көз жұмды. Автокөліктің үш жолаушысы Степногорск ауруханасына дене жарақатымен жеткізілді.

«Тергеу аясында апаттың мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады полиция.