Қонақүйдегі таныстық: бойжеткен алматылық жігіттің 7,2 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Жігіт 10 мың АҚШ доллары көлемінде банкноттарды көрсеткен

Фото: ашық дереккөзден

Астанадағы кездейсоқ таныстық кесірінен 21 жастағы алматылық 7 мың АҚШ долларынан айырылып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы Polisia.kz –ке сілтемемен.
 
Жас жігіт түнгі мекемеде болып, сол жерде қызбен танысқан. Алғашқы таныстық жастарды жақындастырғаны соншалық, олар басқа жерде көңіл көтеруді жалғастырып, қонақүйге барған.

Жігіттің босаңсығаннан соң байқаусызда сөмкесіндегі 10 мың АҚШ доллары көлемінде банкноттарды көрсеткен. Содан қонақүй бөлмесінде жігіт ұйықтап қалғаннан кейін қыз жиналып, өзімен бірге 7200 АҚШ долларын алып кетіп қалған. Оянғаннан кейін көлік сатып алуды жоспарлаған жігіт қаражатының жоғалғанын біліп, полицияға жүгінеді.

Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген 25 жастағы күдіктіні бір тәулік ішінде анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, бойжеткен кінәсін мойындаған. Полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.