Ақтөбе облысында оқушы бала байлаудағы итті аяусыз пышақтап тастаған

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Темір ауданында болған

Сурет: видеодан кесіп алынды

Ақтөбе облысында оқушы бала байлаудағы итті аяусыз пышақтап тастаға, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға Темір ауданында болған.

"Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында бала итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазба анықталды. Тексеріс барысында оқиға биыл мамырда Темір ауданында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені анықталды", –  деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқушы ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.