Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында

Фото: Хасан Қасымбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңірдің ПД баспасөз қызметі мәліметінше, азамат К. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол 2021 жылдың маусымында А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

"Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.