"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылуда
Ауылға жұмысқа келетін аса тапшы медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
“Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа келетін аса тапшы медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда. Оның мөлшері – 8,5 млн теңге”, – делінген министрлік хабарламасында.
“Ауылдық елдімекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі”, – дейді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.