МӘМС жүйесіне енетін жаңа өзгерістер
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында МӘМС жүйесіне қатысты қойылған журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Минстрге “”жұмыссыздар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесі бойынша денсаулығын тексерте ала ма” деген сауал қойылды.
Ведомство басшысы жүйеге енетін жаңа өзгерістер жайлы айтып берді.
“Жұмыссыздар мемлекет тарапынан 15 кепілдендірілген категорияларға еніп отыр. Олардың бірі осы ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін мемлекет өзі жарна төлеп отыр. Енді осы заң аясында жергілікті атқарушы органдар осы азматтардың жұмыссыз екенін көре отырып, тиісті базалар арқылы олардың МӘМС жарнасын әкімдіктер төлейтін болады. Бұл тек жүйедегі өзгеріс. Азаматтар үшін ешнәрсе өзгермейді”, – деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.