Ливаннан 41 қазақстандық елге эвакуацияланды

Nur-Altay Umirzak

Ливандағы соғыс жағдайларына байланысты17-31 қазан аралығында Қазақстан азаматтары эвакуацияланған

Сурет: Kawnat Haju/AFP

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшейуіне байланысты Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтары және олардың отбасы мүшелері елге эвакуацияланды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы  “17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді”, – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.

Бұл операция Таяу Шығыстағы шиеленіс жағдайында ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған.