АҚШ қазақстандық тағы бір компанияға санкция салды

Qaz365.kz редакциясы

 Қытай арқылы Ресейге қосалқы станоктар жеткізген

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейдің Украинаға әскери шабуылына байланысты компаниялардың жаңа санкциялар тізімін жариялады. Оның қатарына 17 елден 275 азамат пен компания кірді. Олардың арасында қазақстандық Kazstanex бар, деп хабарлайды Qaz365.kz

Kazstanex әлемнің түкпір-түкпірінен өндіруші зауыттардың станоктарын сатумен айналысады. Ашық дереккөздер бойынша, компания МКК-дан жоғары тәуекел дәрежесіне ие және 2015 жылдан бастап бюджетке 1,1 млрд теңге салық аударған. Биыл 293 млн теңге аударған. Жалпы компания үшін 2022 жыл табысты басталған. 2021 жылы және оған дейінгі жылдары ол жылына орта есеппен 35-40 млн теңге салық, ал соғыс басталған жылы бірден 210 млн теңге, өткен жылы 405 млн теңге салық аударған. Бір қызығы, меншік иесі көрсеткен Василий Абрамова әлі күнге дейін санкцияға ұшырамаған аттас жеке кәсіпкерді де ашқан.

АҚШ қаржы министрлігі мәлімдеуінше Өзбекстанда орналасқан Uzstanex компаниясы және Қазақстандағы Kazstanex Қытайдағы Shanghai Winsun IMP and Exp Co Ltd (Shanghai Winsun) компаниясына еуропалық станоктарды жеткізіп отырған. Артынша бұл станоктар Ресейге жөнелтілген.

– Ресейде орналасқан «Ашық жүйелерді дамыту технологиясы» ЖШҚ (TROS) метал өңдеу жабдықтарын шығарады, станоктардың көтерме саудасымен айналысады. TROS директоры – Ресей азаматы Сергей Петрович Ушко (Сергей Ушко). Сергей Ушконың ұлы, Ресей азаматы Александр Сергеевич Ушко (Александр Ушко) еуропалық станок жасау компаниясында жұмыс істейді. Әкесіне Ресейдегі соңғы пайдаланушыларға станоктар сатып алуға көмектеседі. Сергей Ушко мен Александр Ушко өздерінің аффилиирленген тұлғаларымен, Ресей азаматтары Игорь Владимирович Хоменко (Игорь Хоменко) және Татьяна Валентиновна Хоменко (Татьяна Хоменко) Орталық Азиядан бірнеше делдалдарды Ресейге озық станоктарды ауыстыру үшін пайдалану үшін үйлестіреді, – деп мәлімдеді АҚШ Қаржы министрлігі.

Kazstanex-ке қарсы санкциялардың енгізілуі – Ресейге қосалқы станоктар жеткізілуіне жол бермеуге арналған.  Ал капиталды Ресейден басқа елдердің банктерінде ашатын адамдар мен олардың карталары түрінде шығару — бұл да санкцияға жатады, өйткені олар соғысып жатқан елден ақша шығарады.