Сондай-ақ ол, 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарға
Маңғыстауда жұмысшылардың жалақысына бөлінген қаржыны жымқырған компания басшысы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғады.
“Күдікті компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» бөлген 321 млн теңгені қолды қылған, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарған”, – деп айыпталған Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
Істің толық мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.