Оралда 1,5 млн теңге пара алып жатқан сот төрағасы ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Ол параны сотталған азаматқа оң шешім шығару үшін алған

Сурет: Gov.kz

Оралда 1,5 млн теңге пара алған сот төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Судьямен бірге екі адвокат та құрықталды. 1,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны сотталған азаматқа оң шешім шығару мақсатында алмақ болған", – делінген Полиция басқармасының хабарламасында.

Тергеу шарасын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен облыстық департамент қызметкерлері жүргізіп жатыр.