446 млн теңгеден астам сомаға сатып алу жариялаған.
Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағалағанын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бас прокуратура мәліметіне сәйкес жергілікті атқарушы орган республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін 446 млн теңгеден астам сомаға сатып алуды жариялаған. Алайда, құжаттарды тексеру кезінде бұл сома 117 миллион теңгеге өскені анықталды.
Прокуратураның араласуынан кейін конкурс тоқтатылып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеген.