Қызылорда мен Жезқазған арасына жол төселетін болды

Nur-Altay Umirzak

Жол төсеу жұмыстары келесі жылы басталады

Сурет: dzen.ru

Азия даму банкі Қызылорда мен Жезқазған арасында жол төсеуге 300 млн доллар қаражат бөлетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

“Бұл жақсы инвестиция. Өйткені ешқашан Қызылорда мен Жезқазған арасында жол болған жоқ. Енді жаңа облыс пайда болды. Екі араны қоссақ экономиканың дамуына үлес қосады, жүк айналымы көбейеді, халықтың жүріп-тұруына, сауда жасауына қолайлы жағдай жасаймыз деп ойлаймын, - деді вице-премьер.

Банк қаржыны 3-4 пайызбен 20 жылға береді. Ал жол төсеу жұмыстары келесі жылы басталады.