8 медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады

Nur-Altay Umirzak

Енді азаматтарға өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды

Сурет: med.mcfr.kz

Келесі жылдан бастап сегіз медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді азаматтарға өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды.

“Цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды”, –  деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар:

  • Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
  • 075 / е «Медициналық анықтама»;
  • 026 / е «Дәрігерлік-консультациялық кеңес қорытындысы»;
  • 073 / е «Көлік тізгіндеуге рұқсат туралы анықтама»;
  • 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»;
  • 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»;
  • 076 / е «Қаруға рұқсат алу»;
  • 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама.