Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қыз үйінді астынан 11 күннен кейін шығарылды

Qaz365.kz редакциясы

Қыз ауруханаға жеткізілді

TurkiyeGazetesi

Түркияның Хатай провинциясында 17 жастағы қыз он бір күннен кейін үйінді астынан аман табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Құтқарушылар Алейна Өлмезді үйінді астынан 248 сағат өткен соң шығарған.

Кахраманмараш тұрғыны аман, дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін қыз ауруханаға жеткізілді, деп жазды жергілікті басылымдар.

Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан зардап шеккендерді іздеу-құтқару жұмыстары осымен он бірінші күн жалғасып жатыр.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 мыңнан асып кетті.