Гуманитарлық көмек тиелген ұшақ Қазақстаннан Түркияға ұшып шықты

Qaz365.kz редакциясы

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна

ҚР ТЖМ

Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар.

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.