Түркістан облысында 80-нен астам тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Ол жалпы сомасы 337 млн теңге шығын келтірген

 

Сурет: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды,  деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының “Киберпол” арнайы тобының қызметкерлері облыс аумағында интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 34 жасар ер адамды ұстады.

“Аталмыш күдікті жәбірленушілерге ақша қаражаттарыңызды көбейтіп беремін деп сенімдеріне кіріп, онлайн-несие рәсімдеген. Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты жеке басының пайдасына жаратқан. Тексеру кезінде күдіктінің жалпы 87 жайтқа қатыстылығы дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 337 миллион теңгеден асты. Күдікті қамауға алынды”, – деді Түркістан облыстық Полиция басқармасы.

 Айта кетсек, бұл қылмыс “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасының жедел іздестіру қызметімен анықталған.