2025 жылы зейнетақыға қанша ақша қосылатыны белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

2025 жылы міндетті зейнетақы жарнасына төлейтін қаражат 2,5 процентке ұлғаяды

Сурет: ulysmedia.kz

Келесі жылы зейнетақыға қанша ақша қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

  • 2025 жылы зейнетақы заматтардың жасына және еңбек өтіліне қарай 8,5%-ға артады.
  • Ал базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің төменгі шегіне қарай өзгереді. Мәселен, ең төменгі зейнетақы – 95 131 теңге, ал ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады.

2025 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына төлейтін қаражаты 2,5 процентке ұлғаяды. Тиісінше, салық мөлшері де өседі.

Зейнет жасындағы қызметкерлер 1 және 2 топтағы мүгедектіктері бар азаматтар, әскери қызметкерлер және 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған азаматтар салықтан босатылады.