Ол өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған
Ақша жымқырып елден қашып кеткен алматық алаяқ есепші Грек аралында ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.
“2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған”, – делінген оның қылмыстылығы жайында.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.