Қылмыстық іске одан өзге тағы екі әріптесінің қатысы бар
Шымкент қаласының бас санитар дәрігері парақорлығы үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Айыпталушы жемқорлық әрекеттері үшін 6 жылға сотталды. Сот айыпталушыларға 42 миллион теңге айыппұл салды және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырды. Олар сондай-ақ департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге сомасында пара алғаны, делдалдығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды”, – делінген сот шешімінде.
Экс-дәрігер парақорлық істерін департаменттің персоналды басқару қызметінің жетекшісі және көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысымен бірге жүзеге асырған.