«СК-Фармация» жалған бәсекелестік жасап 7 тендерге қатысқан

Nur-Altay Umirzak

Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде

Сурет: exclusive.kz

«СК-Фармация» жалған бәсекелестік жасап, дәрінің бағасын негізсіз екі есеге өсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірқатар заңсыздықты анықтады.

«СК-Фармация» тағы бір компаниямен келіскен түрде тендерге 7 рет қатысқан. Нақтырақ айтсақ, әр тендерге қатысқанда сыбайласқан екі компания жалған бәсекелестік жасап, бір-біріне жеңісті кезекпен беріп отырған”, – делінген агенттіктің хабарламасында.

Серіктестік 1267 түрлі дәрі-дәрмек пен препараттың бағасын негізсіз көтерген. Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.