Алты турда Қазақстан құрамасы 15 гол жіберіп алды.
Футболдан Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтың басшылығымен Ұлттар лигасының антирекордын жаңартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстанның ұлттық командасы ресейлік маман Станислав Черчесовтың жетекшілігімен УЕФА Ұлттар лигасының жіберіп алған доптардың арақатынасы бойынша рекорд орнатты.
Алты турда Қазақстан құрамасы 15 гол жіберіп алды, ол аздай бірде-бір рет гол соққан жоқ. Бұл турнир құрылғаннан бері Лига құрамасы үшін ең нашар көрсеткіш. Черчесов тағайындалғаннан кейін ұлттық команда тағы бірнеше рекордтарды орнатты, соның ішінде голсыз матчтар сериясы (6) және турнирге жиналған ұпайлар саны (1) жағынан да көзге түсті.
17 қарашада өткен соңғы кездесуде Қазақстан құрамасы Норвегия құрамасының 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Норвегиялықтар құрамындағы Эрлинг Холанд хет-трик жасады. Антонио Носа мен АлександрСер лот тағы да бір-бір голдан салды.